Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3123 0 пікір 21 Қараша, 2013 сағат 13:00

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының мә-жіліс залында партияның Ақтау қалалық ұйымының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясының шеңберінде тұрғындарды қабылдау күні өткізілді. Кәсібін қолға алғалы отырған адамдармен кездесуге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Аманғали Шамшадин, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рақымжан Шалбаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Бауыржан Өтепбаев, Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Халиса Нұрбосынова, «Каспий» шағын несиелеу ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас маманы Гүлмира Ахмедиева және басқа ресми тұлғалар қатысты.

Кездесуді «Нұр Отан» партиясы қалалық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Р.Шалбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, азаматтарды бірыңғай қабылдау күнінің мақсат-бағдарымен таныстырды.

–Акцияның мақсаты-«Бизнестің жолкартасы-2020» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау көрсетудің тетіктері мен талаптары туралы халық арасында кеңестік түсініктеме жұмыстарын ұйымдастыру және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен, институттармен азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне ашық сұхбат алаңын ұсыну,-деді Рақымжан Ысқақұлы. –Сонымен қатар республикамыздың жер-жерінде өткізіліп жатқан шараның маңызды міндеттері бар. Олар – «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелері-нің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда халық арасында ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтерін жетілдіру, тұрғындардың, билік пен партияның азаматтардың өзекті мәселелерін тиімді шешуге бағытталған өзара тығыз байланысын ұйымдастыру, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мәсе-лелері бойынша акцияны өткізу барысында келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарға мониторинг жүргізу.

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні барысында кәсібін жаңадан бастағалы жүр-ген облыс тұрғындары жеке бизнесті ашу, іскер қауым өкілдеріне жер телімдерін бөлу және кәсіпкерлікті қолға алу үшін несиелер алу мәселелері төңірегінде әңгіме өрбітті. Ақтау қаласының тұрғыны Қоныс Естеков көкөніс өсіру үшін жер телімін ала алмай жүргендігін айтса, Мұнайлы ауданының тұрғыны Шоқан Құлбалаев автокөліктерге сервистік-техникалық қызметтер көрсету орталығын ашу үшін жол бойынан жер телімін іздестіріп отырғанын тілге тиек етті. Түпқараған ауданының тұрғыны Руслан Әйкешов Форт-Шевченко қаласында спорт кешенін салу үшін несиелер алудың қиындығын сөз етсе, көп балалы ана Жолбибі Көшербаева Құланды ауылынан тұрғын үй сұрайды. Ақтау қаласының тұрғындары Гүлсәнім Аламбаева мен Светлана Оңаева қаржы институттарынан несие алу жайын сұраса, екінші топтың мүгедегі Бауыржан Байдуллаев ағасы Хасанмен бірге жеке бизнес ашқысы келеді.

Кездесуде Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Халиса Нұрбосынова кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыссыздарды жұмыспен қамтығаны үшін жұмысқа алынған жұмысшылардың жалақысының жартысы 26 мың теңгеден астам емес мөлшерде төленетіндігін назарға берді.

Қабылдау күнінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Бауыржан Өтепбаев шағын бизнесті ашу жолдары туралы кеңінен түсінік берді. Бұл үшін өз ісін қолға алғысы келіп отырған адамдар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» жергілікті облыстық филиалында «Даму-Кеңесші» бағдарламасы бойынша екі күндік оқу курсынан өтіп, бизнесті жүргізудің қыр-сырын үйренуге тиіс. Бұдан кейін олар салық комитетінде тіркеліп, жеке кәсіпкер куәлігін алуы қажет.

Сонан соң «Даму» қорының жергілікті филиалының басшысы кәсіпкерлерге, олардың ішінде бизнесін жаңадан бастаған іскер қауым өкілдеріне жасалатын жеңілдіктер мен несиелер алу жолдары жөнінде әңгіме қозғап, кездесуге қатысушыларға көптеген ақыл-кеңестер берді.
Қазіргі таңда біздің елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне жасалып отырған қамқорлық аз емес. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында» кәсіпкерлер алған несиелердің сыйақылық мөлшерлемелері 14 пайыздан 7 пайызға, тіпті одан да төмен пайызға дейін мемлекет есебінен субсидияланып, төмендетіледі.

Кәсіпкерліктің келелі мәселелері қозғалған азаматтарды бірыңғай қабылдау күні келушілердің көңілінен шықты. Олар мұндай кездесулердің кәсібін бастағысы келетін болашақ іскер қауым өкілдері үшін берері көп екендігін атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3332
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6095