Сенбі, 23 Қараша 2024
1186 0 пікір 10 Мамыр, 2024 сағат 16:27

Министр: 500 мұнай ұңғымасы су астында қалды

Сурет: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, су астында қалған мұнай ұңғымаларының көбі Ақтөбе облысында орналасқан. Бұл жөнінде Orda сайты жазды.

Соның салдарынан мұнай өндіру көлемі сәл азайған.

“Мұнай өндіру көлемі сәл азайды, шамамен 500 ұңғыма су астында қалды. Негізінен бұл Ақтөбе аймағына қатысты. Бірақ қазір су кетіп жатыр. Іс жүзінде алдын ала жүргізілген шаралардың барлығы өз тиімділігін көрсетті. Қазір штаттық режимде істеп жатырмыз”, - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Оның сөзінше, су тасқыны болған Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында мұнай өнімдерін жеткізуде қиындық туындап, арнайы техника қолданылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371