Жұма, 11 Қыркүйек 2026
2081 1 пікір 14 Мамыр, 2024 сағат 18:00

Бишімбаев Астананың іргесіндегі түрмеде отыратын болды

Сурет: Жоғарғы сот

Сотталушы Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова 24 жыл түрмеде отыратынына қарсылық білдіріп, сот үкіміне қатысты шағым түсіретінін айтты.

Иә, біз апелляцияға береміз. Әрине, біз үкіммен келіспейміз. Нақты жоспарымыз туралы айта алмаймын. Қолымызға тиісті құжаттарды алмадық. Біз оларды үкім жарияланғаннан кейін бес күннен кешіктірмей қабылдауымыз керек, - деді адвокат.

 Егер үкім өзгермесе, айыпталушы жазасын Аршалыдағы түрмеде өтейді. Онда аса ауыр қылмыс жасағандар отырады.

Айта кетейік, судья Алма Есімова Бишімбаев пен Байжанов қай жерде жазасын өтейтіні туралы сұраққа жауап берген еді.

Бишімбаев бұған дейін сотталғандықтан, қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберіледі. Сот сотталушының нақты сотталатын орны мен жерін белгілемейді. Шешім күшіне енгеннен кейін ол мекеменің тергеу изоляторына жіберіледі. Ал Байжанов қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі орташа мекеге жолданатын болады, - деп түсіндірді Есімова. 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2615
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 708