Сенбі, 16 Мамыр 2026
2142 0 пікір 15 Мамыр, 2024 сағат 17:04

Әблязовтың сыбайласы өз еркімен Қазақстанға берілді

Сурет: Qaz365.kz сайты

Әблязовтың сыбайласы өз еркімен Қазақстанға берілді. Бұл туралы Qaz365.kz сайты жазды.

Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы саналатын Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен берілген Антикордың мәліметінше, 15 мамыр күні ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді. Ол өз еркімен оралған соң, сонымен қатар, кінәсін толық мойындап, тергеумен ынтымақтастық орнатқан соң, оған қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгергені белгілі болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топқұрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі одан әрі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды», - деп хабарлады Антикор.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2783
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1892