Сенбі, 23 Қараша 2024
1247 2 пікір 15 Мамыр, 2024 сағат 18:42

Құлсары тұрғындары тағы да митингке шықты

Құлсары тұрғындары Жылыой ауданы әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлайды Abai.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарлауыша, халықтың жиналуына себепші болған су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесі.

– Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жиналғандар алдында қаражатты өтеу, жаңа тұрғын үй беру тетігі жөнінде түсініктеме береді, – делінген хабарламада.

Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің 2 906-нан су кеткен. Бүгінгі таңда 2 667 тұрғын үй-жай техникалық бағытта тексеріліп, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілген. Барлығы 3 мыңға жуық өтініш түскен.

Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз мөлшерде біржолғы төлем берілгені жазылады.

– Сонымен қатар, мүлкіне залал келтірілген 289 кәсіпкермен залалды өтеу бойынша консультациялар өткізілді. Бүгін түстен кейін тұрғындарды техникалық тексеру және бағалау қорытындыларымен кезең-кезеңмен және үймен таныстыру басталады, - деп сендіреді жедел штаб.

Сурет: sadakmedia.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441