Сәрсенбі, 12 Наурыз 2025
1100 0 пікір 16 Мамыр, 2024 сағат 11:30

Атыраудағы Сарайшық ауылын су басу қаупі бар

Фото: Видеодан кадр

Атыраудағы Сарайшық ауылында кезекшілер арнайы бөлінген 8 сектор бойынша жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Сарайшық ауылында тасқыннан қорғану мақсатында салынған бөгеттің жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта әр 200 метр сайын кезекшілік қойылды. Кезекшілер 4 сағат сайын ауысып, жағалау тәулік бойы бақыланып отыр, - деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиева.

Еске сала кетелік, су қаупінің алдын алуы үшін Сарайшық ауылында 13,6 шақырым бөгет салынды. Оның ішінде, бөгеттің 5,4 шақырымы қайта жаңартылып, 8,2 шақырым бөгеті  жаңадан салынды.

Abai.kz

0 пікір