Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2866 0 пікір 10 Желтоқсан, 2013 сағат 05:26

Мал дәрігері қосындарын 6 млрд теңгеге жабдықтайды

Ауылдық мал дәрігері қосындарын жабдықтауға келесі 2014 жылы 6 млрд теңге бөлінетін болады, деп хабарлады Астана қаласында өткен «Қазақстандағы ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері» семинарында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.  

Оның айтуынша, ветеринарлық нысандарды материалдық-техникалық жарақтауға барлығы 18 млрд теңге қажет. Ал оның 12 млрд сомасы игеріліп үлгерілген. Мал дәрігерлері шприцтен бастап термошабаданға дейінгі түгел тапшы заттың бәрін алған.

«Барлығын сатып алдық: жиһаз, термошабадандар, тоңазытқыштар. Машиналар мен тіркегіштер де алынды. Келесі жылы өлген малды көмудің орнына өртеп жіберетіндей инсенираторлар сатып аламыз», – деп мәлім етті А.Мамытбеков.

Сондай-ақ, басты назар штаттық ауыл ветеринарларына аударылатын әдістемелік өзгерістер енгізілуде. Асылжан Мамытбеков түсіндіргендей, бұрын келісімшарт бойынша істеген мал дәрігерлері жыл сайын ауысып, тұрақсыздық танытатын. Салдарында төрт түлік жиі ауырып, көрсеткіштер төмендеген. Ендігі сәтте, штаттық қызметкерлер ретінде тіркелген мамандар, өздеріне жүктелген телімдегі жағдайға жауап беретін болады.

«Қазіргі уақытта штаттық тәртіпте еңбек ететін ветеринарларға жоспарлар тапсырылып, ол өз кезегінде сұралады. Егер қандай да бір дерт анықталса, тексеріс жасалады», – дейді министрлік жетекшісі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408