Сенбі, 23 Қараша 2024
1175 1 пікір 22 Мамыр, 2024 сағат 15:10

Қаржы мониторингі Бишімбаевтардың мүлкін тексере ме?

Сурет: ВВС сайтынан алынды.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Бишімбаевтар әулеті мүлкінің заңдылығын тексеруге қатысты петиция жарияланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі оның қорытындысы бойынша тексеріс жүргізуге дайын, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына берген жауабында айтты.

Бишімбаевтар әулеті мүлкінің заңдылығы тексеріле ме? – деп сұрады БАҚ өкілдері.

- Агенттік мүліктің заңдылығын тұрақты түрде тексеріп отырады. Бүгінде бізде қылмыстық іс тіркелген жоқ. Бірақ біз тұрақты негізде заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге жан-жақты тексеру жүргіземіз. Бізде бұл жұмыстар бар, егер бір жерде қылмыстық жолмен табылып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Ал петицияға келсек, оның нәтижесін күтейік, сонымен бірге бұл мәселені зерттейік, біз бұған міндетті түрде назар аударамыз, міндетті түрде хабарлаймыз, - деді Жеңіс Елемесов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407