Сенбі, 23 Қараша 2024
1279 0 пікір 27 Мамыр, 2024 сағат 16:14

«Менің Алтайым»: Қандастар жайлы жаңа телехикая

Сурет: Жетінші арнаның баспасөз қызметінен алынды

Қытай қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жайлы «Менің Алтайым» дорамасы қазақстандық көрерменге ұсынылады.

Жаңа телехикаяны «Жетінші арна» көрсетеді. Телехикая 8 бөлімнен тұрады.

Басты рөлді Қытайдың танымал актері Юй Ши сомдаған. Ол бұл телехикаяға түсу үшін арнайы қазақ тілі сабақтарына қатысып, сериалда Батай есімді қазақ жігітігінің рөлін сомдаған. Бұдан бөлек телехикаяға Шыңжаңда тұратын қандастар да түскен.

«Менің Алтайым» телехикаясы Алтайда шағын дүкен ашқан Хань қызы Ли Вэньсю мен оның жанұясының жергілікті қазақтармен байланысы туралы.

Онда Алтай аймағында тұратын қандастарымыздың бай және қайталанбас мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі көрініс тапқан. iQIYI онлайн платформасы түсірген «Менің Алтайым» сериалының әлемдік тұсаукесері Канн телефестивалі аясында өтіп, сарапшылардыңі жоғары бағасын алды.

«Сериал жақын күндері «Жетінші арна» эфирінен ұсынылады. Бұл туралы бүгін телеарна басшылығы және Қытай мемлекеттік телевидение, радио әкімшілігі мен iQIYI компаниясы өкілдерімен болған кездесуде келісім жасалды», - деп хабарлайды «Жетінші арнаның» баспасөз қызметі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373