Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1489 9 пікір 28 Мамыр, 2024 сағат 14:46

Утилалым тоқтатыла ма? Министр не дейді?

Сурет: Qaz365.kz

Утилалымды тоқтату туралы өтінішті арнайы комиссия қарайтын болды. Бұл туралы Qaz365.kz сайты жазды.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымға қатысты жиналған петицияға қатысты тілшілердің сауалына жауап берді.

Қазірдің өзінде утильалымды тоқтату керек деген петицияға 50 мыңнан астам адамның қолы жиналған.

Министр өтінішті қарау процесі қалай өтетінін түсіндірді.

«Бұл мәселе бойынша айтар болсақ, өздеріңіз білетіндей, процесс өте жақын арада жүзеге асады. Алдымен комиссия құрылады, олар аймақтарға барады, кеңестер жүргізеді. Мүмкін бірнеше өндіріс орындарын аралайды. Сосын қорытынды жасалады. Бұдан кейін қоғамдық тыңдаулар 24 мамырдан 5 шілдеге дейін жалғасады. Егер бізде балама петициялар болса, олар да қаралады. Мен сіздерге қоғамдық тыңдаудың нәтижесі қандай болатынын айта алмаймын, біз отырысты барынша ашық өткізуге, өтініш жазғандардың пікірін тыңдауға тырысамыз. Сондай-ақ балама пікірлер бар, оны да ескеруіміз керек. Өйткені балама пікірлер де жақсы дауыс жинап жатыр. Мемлекет оны да заңда белгіленген тәртіппен қарайды», - деді министр.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 495
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2230
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1897
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1039