Құмар ойынға әуес шенеуніктерге тыйым бола ма?
"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға тыйым салу туралы петицияға қол қоюға шақырады.
"Бұл нормадан бас тартқысы келетіні туралы ақпарат алған кезде таң қалдым. Тұтастай лоббистер тобы жұмыс істейді, үлкен көлемде қаражат жұмсалады. Мен шенеуніктердің казиноға баруды қалай ақтайтынын елестете алмаймын. Егер олар тек өз қаражатын ысырап еткен болса жарайды, бірақ олар мұны бюджет ақшасымен жасайды", – деп жазады қоғам белсендісі.
Мәселен, Алматы облысындағы ойынханада жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде 305 шенеуніктің 500 миллион теңгесін сол жерде қалдырғанын көрсетті.
Ал журналист сұхбатына жауап берген Асхат Аймағамбетов ойынға тәуелділік туралы заң жобасының екінші оқылымы әлі өтпегендіктен, бұл туралы ешқандай мәліметі жоқ екенін айтты.
"Мен мұндай ақпаратты естіген жоқпын. Бұл заң жобасы бірінші оқылымда қабылданған кезде, біз бұл норманы қарастыру керектігі туралы әзірге екінші оқылым болған жоқ. Жұмыс тобы әлі қорытынды шығарған жоқ. Менде бұл туралы ақпарат жоқ", – деді Аймағамбетов.
Abai.kz