Енді ескі көліктердің салығы азаяды
Салық кодексіне өзгеріс енгізу жоспарлануда. Өзгеріс күшіне енсе, автокөліктің шыққан жылы неғұрлым ескі болса, көлік иесі соғұрлым аз мөлшерде салық төлейді. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
Бүгінде автокөліктерге салынатын салық құны көліктегі қозғалтқыштың көлеміне байланысты белгіленеді. Яғни көліңтің жаңа немесе ескі болуы маңызды емес.
Кейде ескі көлікке салынатын салықтың құры жаңа көлікке белгіленген сомадан да асып кететін жағдайлар жиі кездесетін. Енді әділдік болу үшін темір тұлпардың шыққан жылына да қарайтын салықтың сараланған тәсілі ұсынылып отыр.
- Ескі көліктер бойынша мәселелер қарастырылып жатыр. Бұл әзірге Үкіметті қаралып жатыр. Дифференциалды салық жылына байланысты қолданайын деп жатыр. Соған байланысты төмен салықтарды қарастыруда", – деді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Бауыржан Бекмұратов.
Елдегі темір тұлпарлардың 50 пайыздан астамы тозғанын ескерсек, бұл керісінше азаматтарды салық ауыртпалығын жеңілдетеді.
- Көлікке салатын салықты қайта қарайтын болса, көліктердің жылына қарай коэффиценттер бекіткені жөн. Қазір жартылай тоқпен, жартылай бензинмен жүретін көліктер де көбейіп жатыр. Қазақстандағы көліктердің жартысынан көбі 20 жыл бұрын шығарылған. Енді сол ескі мен жаңаны бірдей бағалауға келмейді", – деді сарапшы Алексей Алексеев.
Статистика мәліметінше елдегі 5 миллионнан асқан көліктің 88 пайызы – жеңіл автокөлік.
Abai.kz