Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1052 1 пікір 29 Мамыр, 2024 сағат 18:42

Асхат Хасенов ҚазМұнайГаз басшысы болып тағайындалды

Сурет: © Sputnik / Владислав Воднев

28 мамырда өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асхат Ғалымұлы Хасенов ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Асхат Хасенов сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Асхат Хасенов еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ (Қызылорда қ.) мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған.

2006 – 2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай-газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице-президент болып жұмыс істеді.

2011 – 2019 жылдары еңбек жолын ҚР Мұнай және газ министрлігінде жалғастырып, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасын, кейін мұнай-химия және техникалық реттеу департаментін басқарды.

2019 – 2022 жылдары "KLPE" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

"ҚазМұнайГазға" тағайындалғанға дейін 2022 – 2024 жылдары аралығында ҚР энергетика вице-министрі болып қызмет етті. Бұл лауазымда жер қойнауын пайдалану және мұнай-газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, сонымен бірге Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияны басқарды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006