Сенбі, 23 Қараша 2024
1207 0 пікір 30 Мамыр, 2024 сағат 17:14

Қазақстан әлемді МСАК бойынша жаһандық коалицияға қосылуға шақырады

Сурет: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Швейцарияда өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 77-ші сессиясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша жаһандық коалицияға қосылуға шақырды. 

- Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен жаһандық трендтерді ескере отырып және ДҚЖҚ-ны қамтамасыз етуге және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев МСАК бойынша елдердің жаһандық коалициясын құру жөніндегі бастаманы ұсынды және елдерді коалицияға қосылуға шақырды. Осыған байланысты, біз мүдделі елдерді Қазақстанның бастамасын қолдауға және МСАК жөніндегі елдердің жаһандық коалициясына қосылуға шақырамыз, – деді Ақмарал Әлназарова. 

Коалиция әріптес елдер арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды, біліммен, озық тәжірибемен алмасуды және идеяларды дамытуды қамтамасыз ете отырып, ДДҰ-ның қолдауымен әрекет ететін халықаралық одақ пен алаңның рөлін атқарады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377