Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
1354 0 пікір 31 Мамыр, 2024 сағат 11:53

Алматылықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Сурет: ortcom.kz

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Алматылықтар  қуғын-сүргінге ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бұл күн ХХ ғасырдың тарихи шежіресінің ең ауыр кезеңдерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, рухына тағзым етуге арналған.

Гүл қою рәсіміне қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтары, қала халқы, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастар ұйымдарының өкілдері де қатысты.

"Қарағайлы" скверінде өткен іс-шарада "Әділет" тарихи-ағартушылық қоғамының басшылары мен 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Жұмат Шаниннің немересі Райхан Шанина сөз сөйледі.

Қуғынға ұшыраған 100 мыңнан астам адамды еске алу күні 1997 жылдан бері аталып келеді.

Бұл күні қалада конференция, дөңгелек үстел, тарихи-ағартушылық дәріс, театрландырылған қойылым, кітапханалардағы фото және кітап көрмесі, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесуі сынды түрлі еске алуға арналған іс-шаралар өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965