Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2489 0 пікір 3 Маусым, 2024 сағат 11:22

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Сурет: sports.kz

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды Abai.kz.

Кәсіпкер 2024 жылдың соңына дейін Астанада парапортсмендерге арналған жаңа оқу орталығының құрылысын бастауға уәде беріп отыр.

– Мен үшін бұл өте маңызды лауазым. Біз Қазақстанда паралимпиада қозғалысын дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру процесіндеміз. Кейінгі жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерімізге қарамастан, бізде көп жоспар бар, соның арқасында Қазақстан параспорттаушыларды кәсіби түрде дайындай алатын, оларға жоғары көңіл бөлетін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін елдің беделін одан әрі нығайта түседі, - деп атап өтті кәсіпкер өзінің Instagram парақшасында.

Өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, алты жылға бас бостандығынан айырылған кәсіпкердің 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтегені анықталды. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.

2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық сотында Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны анықталып, көп өтпей бостандыққа шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 991
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2536
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 696
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668