Жұма, 15 Мамыр 2026
2164 0 пікір 3 Маусым, 2024 сағат 15:26

Тоқаев Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Володинмен кездесті

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин Қазақ-Ресей стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының перспективаларын талқылады. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Кездесуде Еуразиялық интеграцияның перспективалары да қозғалды.

«Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті», – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2746
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1863