Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1201 1 пікір 3 Маусым, 2024 сағат 16:34

Құрбан айтта неше күн демалыс беріледі?

Сурет: Sputnik / Санат Имангалиев

Қасиетті Құрбан айт күні өткен жылдағыдай 2024 жылы да маусым айына келіп түсті. Биыл Құрбан айт 17 маусым, яғни, дүйсенбіге түсіп тұр. Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылып, кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.

Осылайша, маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады: 1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады: 1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.

Айта кетсек, Құрбан айт Ораза мерекесінен 70 күн өткен соң пайғамбарымыз қастерлеген Ибраһимнің құрбандығын еске алу мақсатында атап өтіледі.

Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып жариялаған.

Abai.kz

1 пікір