Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2984 0 пікір 4 Маусым, 2024 сағат 11:09

4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

Сурет: abai.kz

4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Биыл бұл айтулы датаға 32 жыл толады. Біле-білген адамға елеулі күн. Мемлекеттік рәміз елдігіңнің белгісі, тәуелсіздігіңнің нышаны. Туды, Әнұранды, Елтаңбаны қастерлеу кім-кімнің де борышы екені айтпасақ та түсінікті. 

Мерекеге орай Мемлекет басшысы Астанадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысып, басты елдік нышандар сын сағатта да, жеңісті күндерде де барша азаматты біріктіретінін айтты.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.

 “Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін”, – деді президент.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1017
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2561
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676