Сенбі, 23 Қараша 2024
1176 1 пікір 4 Маусым, 2024 сағат 16:56

20 мың бала жазғы тегін демалыспен қамтылады

Сурет: морская-звезда.рф

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, су тасқыны болған өңірлердегі 3883 бала сауықтыру орталықтарында тегін демалады.

Жазғы демалыспен, сауықтырумен және еңбекпен 1-10 сынып оқушыларының 92%-ы, яғни әлеуметтік осал санаттағы 600 мыңға жуық баланы қоса алғанда, барлығы шамамен 2,9 млн бала қамтылады.

"Демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда. 187 демалыс орталығының 150-і 1-10 маусым аралығында іске қосылуда. Ал қалған 37 демалыс нысаны өз жұмысын 15 маусымнан бастайды", – делінген министрліктің ресми хабарламасында. 

Жазғы демалысқа тегін жолдамаларды:

  • атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардың балалары;
  • жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасы балалары;
  • жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлар салдарынан жедел көмек қажет ететін отбасы балалары;
  • өзге де санаттағы мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілері ала алады.

Қажетті құжаттарды тапсырады:

Офлайн: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қаласының білім басқармаларына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне, білім беру ұйымдарына; ХҚКО-ға.

Онлайн: eGov порталы арқылы, ЭЦҚ болуы қажет.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357