Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1050 0 пікір 6 Маусым, 2024 сағат 12:00

Масс-медиа туралы заң президентке жолданды

Сурет: oqu.news

Масс-медиа туралы заң жобасы Сенат қарауынан өтіп, президентке қол қоюға жіберіледі, деп хабарлайды Abai.kz.

Заң төмендегідей түзетулерді көздейді:

  • мемлекеттік емес БАҚ құралдарына гранттар беріледі;
  • БАҚ-тағы материалдарға талап қою мерзімі бір жылды құрайды;
  • БАҚ сұраулары бес күннен жеті күнге дейін қаралады; бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіби кеңес болады, сондай-ақ журналистердің Әдеп кодексін бекітеді;
  • суицид жасау тәсілдері және суицидке шақыру туралы ақпарат таратуға тыйым салынады.

Заң жобасын бойынша депутаттар енгізген бірқатар түзету:

  • «Баспасөз картасы»; «Бұқаралық ақпарат»; «Діни теле бағдарлама»; «Журналистердің құқықтары мен бостандық-тарының сақталуы туралы Ұлттық баяндама»; «Теле-, радио арнаны есепке қою туралы куәлік» ұғымдарын алып тастау;
  • «Журналистің ерекше мәртебесі» және «Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі» ұғымдарын енгізу; «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу» және «Масс-медиа мониторингі» ұғымдарын нақтылау;
  • Желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді БАҚ түрлерінің бірі болып табылатын «интернет-басылым» бірыңғай ұғымына біріктіру. Бұл ретте, интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады;
  • Масс-медиа қызметінің негізгі міндеттерін нақтылау;
  • Үкіметтің мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды іске асыруды ұйымдастыру жөніндегі құзыретін толықтыру;

Қосымша құзыреттер беру:

  • Уәкілетті органға – масс медиа мониторингін жүзеге асыру жөніндегі;
  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдарының:
  • Үлгілік қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғын үй кешендерінде жеке спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабельдік коммуникацияларды орналастыру жөніндегі талаптарды белгілеу жөніндегі;
  • облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық көлікте мемлекеттік теле-радио өнімдерінің трансляциясын қамтамасыз етуі және бақылауы жөніндегі;

Одан бөлек мынадай өзгерістер енгізілген:

  • Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) кәсіби қызметіне құқықтық кепілдіктер белгілеу;
  • Мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламаларды тарату және отандық контент көлемі бойынша талаптарды 2025 жылдан бастап – 55 пайызға, 2027 жылдан бастап теле-радибағдарламалардың жалпы көлемін 60 пайызға ұлғайту;
  • Құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ-қа қойылатын талаптар бойынша ескіру мерзімін үш жылдан бір жылға дейін қысқарту;
  • БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша қоғамдық-кәсіби кеңестердің негізгі функциясы ретінде журналистердің Әдеп кодексін әзірлеуді айқындау;
  • Балалар басылымдары мен өңірлік газет-журналдарын қаржылай қолдау (грант тағайындау);
  • Отандық теле-радио арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-радио арналардың теле-радио бағдарламаларын ретрансляциялауды 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарту;

Abai.kz

0 пікір