Сенбі, 23 Қараша 2024
1152 0 пікір 6 Маусым, 2024 сағат 14:45

Қанат Ысқақов: TikTok бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ

Сурет: catherineasquithgallery.com

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бүгінгі таңда Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқтығын мәлімдеді, деп хабарлайды Abai.kz.

– TikTok-қа қатысты мәселені нақтылайық. Шынында да, министрлік тарапынан бүгін де бұғаттау мәселесі жоқ. Бірақ кез-келген жағдайда, заңға сәйкес, қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар қарастырылған. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне байланысты заңдарды ашып қарауды ұсынамыз. Онда бәрі анық әрі түсінікті. Аумақтық тұтастықты бұзу, қоғамға төнетін қатерлер, әлеуметтік қатерлер және ұлттық қауіпсіздік құзыретіне жататын өзге де мәселелер айтылады ол жерде, - дейді Ысқақов.

Сондай-ақ, одан Telegram мессенджерінде есірткі еркін сатылып жатқанда TikTok неге көп аталады деп сұралды.

– Бізге реттеуге еш кедергі жоқ. TikTok-пен жұмыс істейміз. Оны бұғаттау жөнінде күн тәртібінде мәселе тұрған жоқ. Нақтылайықшы, заң бұзылатын кездерге келетін болсақ, біз оны нақты айттық. Балалар контентіндегі олқылықтар, қорлауға және жала жабуға байланысты мәселелер туындаса, әлбетте... Біз барлық онлайн платформа әкімшілерімен жұмыс істейміз, - деді шенеунік.

Еске салсақ, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-та құқықбұзушылық фактілері көбейіп кеткендіктен, бұғаттау мәселесін қарастырып жатқанын айтқан еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364