ҚМДБ: 17 маусым - демалыс болмайды
Мұсылмандар діни басқармасының мәліметінше, Құрбан айт 16 маусымда басталады, деп хабарлайды Abai.kz.
ҚМДБ бүгін зул-хижжа айы басталғанын мәлімдеді.
Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.
Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осыған дейін биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым - дүйсенбіге сәйкес келетіні хабарланған болатын. Бұл күн Қазақстанда демалыс күні болуы керек еді.
Демалыс күндеріне келетін діни мерекелерді кейінге қалдыруға болмайды. Сондықтан, бұл демалыс күні болғандықтан, кейінге қалдыру болмайды, - делінген хабарламада.
Abai.kz