Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
1855 0 пікір 17 Маусым, 2024 сағат 12:47

Зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция жарияланды

Сурет: vittcson.by

16 маусымда Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң күшіне енді. Алайда, сол күні epetition.kz порталында заңға қарсы петиция пайда болды, деп хабарлайды Abai.kz.

Петиция авторлары қабылданған заң дәстүрлі тәрбие беру үдерісін криминализациялайды деген болжаммен әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдарға тосқауыл қоюды талап етті.

Сондай-ақ, ата-аналардың көпшілігі соның кесірінен айыппұл төлеп, есепке алынып, тіпті ата-ана құқығынан айырылады деп санайды.

 Мен Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен ата-ананы кінәлі ететін презумпцияға жол беретін, ата-ананың беделін түсіретін заңның орындалуына қарсымын. Ата-аналар – лоббистік қылмыскерлер емес. Бұл заңды бұғаттауды талап етемін! – делінген петиция мәтінінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1111
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736