Қазақстанның +77 телефон кодында қалғаны дұрыс – министр Мәдиев
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев Қазақстанның не себепті +997 телефон кодына көшуден неге айнып қалғанын айтты. Бұл туралы Abai.kz хабарлады.
– Біз +77 кодын қолдану – адамдарға ыңғайлы деп ойлаймыз. Мысалы, ұялы телефондарда бағдарламалар бар ғой. Оларды ауыстырмас үшін, телефондардың байланыс нөмірлерін ауыстырмас үшін +77 ыңғайлы деп ойлаймыз. Сондықтан, соны қалдырған дұрыс деп ойлаймыз, – дейді ол.
Ведомство 2021 жылы Қазақстанда +997 халықаралық телефон коды сақталғанын, алайда кейінірек жаңа кодқа көшірілетінін хабарлаған. Бірақ мұның бірқатар қаржылық және технологиялық проблемаларға әкеп соқтыратыны аталып өтеді.
"Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттерінде мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілерді және түрлі қосымшаларды алу үшін барлық сервистерде өз деректерін жаңарту қажеттілігі туындайды", — делінген хабарламада.
Abai.kz