Сенбі, 23 Қараша 2024
1045 2 пікір 21 Маусым, 2024 сағат 11:20

Қазақстандықтар зейнет жасын төмендету жайлы петицияға белсенділік танытуда

Сурет: istockphoto.com

Қазақстандықтар зейнет жасына келіспей, өзара петиция жариялап жатыр. Онлайн-петиция беруге арналған платформада жаңа бастама көтеріп, зейнет жасын қайта қарауға ұсыныс беруде.

ePetition сайты қазақстандықтарға белгілі бір маңызды мәселелер бойынша ұжымдық үндеу құру мүмкіндігін беру мақсатында әзірленген.

Аталмыш сайттың басында өзгелерден оқ бойы озық тұрған зейнет жасын төмендету туралы петиция тұр. Ол қазірдің өзінде 1900-ге жуық қол жинап үлгерді.

Петицияның сипаттамасында авторлар әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа, ал ерлердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап ететіні атап өтілген.

Жоғарыда аталған зейнет жасы көршілес елдердің: Қазақстан төңірегінде орналасқан Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің зейнет жасымен салыстыра отырып, негізделген. Бірдей климаттық жағдайда, бірдей өмір сүру ұзақтығымен Қазақстанда ерлердің зейнетке шығуы 63 жастан белгіленді, 2028 жылдан кейін әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады, бұл бізді қорлау.

Қазақстан Республикасының барлық тұрғынының лайықты және сапалы өмір сүруі үшін Қазақстанда барлық ресурс бар: мұнай, газ, алтын, уран және басқа да пайдалы қазбалар. Барлық қолда бар ресурсты дұрыс басқарған жағдайда, Қазақстан әлемдегі ең бай елдердің біріне айнала алады. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында бекітілген конституциялық құқықтарымызды пайдаланып, әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа, ал ерлердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап етеміз, - дейді петиция авторлары.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364