Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
1347 1 пікір 28 Маусым, 2024 сағат 13:29

8,5 мыңға жуық қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалғанын хабарлады.

Аталған төлемді тағайындауға барлығы 9 255 адам өтініш білдірген.

"Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалды. Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалған", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 369 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтіп жүр, 68 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 342 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. Арнаулы әлеуметтік төлем 55 жасқа толған және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі — БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдары бар болуы тиіс. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді", – делінген хабарламада.

Сурет: qazaly.kz

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963