Сенбі, 23 Қараша 2024
1996 6 пікір 15 Шілде, 2024 сағат 18:39

«Біз енді Ақордаға барамыз!»: Кәсіпкерлердің жанайқайын кім тыңдайды?

Сурет: Abai.kz

Алматыдағы «Евразия» және «Рахат» базарларындағы бір топ саудагерлерінің құқығы 6 жылдан бері қорғалмай келеді. Созбалаңға салынған істің нәтижесі боларына үміті үзілген кәсіпкерлер Президенттен араша сұрайды. Сауда үйінің меншік иесі болуға бар тапқан қаржысын құйған кәсіпкерлердің қаражатын кім қайтарады? 6 жылдан бері нүктесі қойылмайтын бұл қандай сот? Істің сағызша созылғанына лауазымды тұлғалардың қатысы бар ма? Осы сұрақтарға жауап іздеген кәсіпкерлер журналистермен кездесіп мұңын жеткізді.

Саудагерлердің айтуларынша, негізгі мәселе 2015 жылы базарларды модернизациялау дегеннен басталыпты.

«6 жылдан бері сот процесіне нүкте қойылмай келеді. Біз бұл мәселені айта-айта жауыр болдық. Өйткені жауапты органдар нүкте қоюға құлықсыз. Біз енді Президенттен көмек сұраймыз. Енді суда үйінің орнына әкімдік сквер салғысы келеді. Бұл процессте де көптеген инстанциялардан өттік. Бүгінде Жоғары сотта біздің өтінішімізді қарамай отыр. Дәл Барахолканың ортасынан сквер салуды түсінбей отырмыз. Бұл «Рахат» базарына қатысты.

Ал «Еуразия» сауда орталығының жағдайы да түсінікіз. Бұл істе созбалаңға салынуда. Қаржыны қалтасына басып қашып кеткен Овсянников сырттай сотталғанымен, елімізге экстрадицияланбады. Ал сауда үйінің жаңа басшылары қайта қайта ауысып жатыр. Менің ойымша бұл істің созбаққа созылуында лауазымды адамдардың әсері бар. Біз Президенттен осы мәселеге бей-жай қарамауын сұраймыз», - дейді «Рахат» базары мен «Еуразия» сауда үйі кәсіпкерлерінің өкілі, «AZP»заңгерлер палатасының мүшесі Жәнібек Башанов.

Оның айтуынша істің нәтижелі жүргізілуіне заң өкілдері назар аударатын емес. Бір жарым жылдан бері прокуратура іспен әлі танысып жатыр екен.

2023 жылдың 15 қаңтарында «Евразия» сауда үйі кәсіпкерлерінің шағымдары негізінде аса ірі көлемде шығын келтірген алаяқтық фактісі бойынша сауда үйінің бұрынғы иесі И.Н.Овсянниковке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оған негіз болған 2022 жылы орын алған бас-аяғы 6 айда сауда үйіне қатысты 6 сатып-алу келісім-шартының орын алғаны. Жалпы 50 жәбірленушінің 4 994 500 АҚШ долларына «Евразия» сауда үйі салынған. Кәсіпкерлер өз қаражатын сауда үйіне үлестік меншік иесі ретінде салған.
2023 жылдың 6 сәуірінде И.Овсянников сырттай сезікті деп танылып, оны қылмыстық әрекеті ҚР Қылмыстық кодек сінің 190 бабының 4 бабы ә тармағы бойынша бағаланған.

2023 жылдың 12 сәуірінде И.Овсянниковке қатысты сырттай қамауға алу шарасы қолданған.

2023 жылдың 26 сәуірінде Овсянниковке халықаралық іздеу салынған.
Дегенмен, қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу созбалаушылыққа салынуда. Тергеу мен прокуратура органдары қылмыстық істі жан-жақты, объективті тергеуге құлықсыз.

«Біз неге алаяқты елге қайтармаймыз. 67 кәсіпкердің 5,5 млн долларын қалтасына басып, емін еркін жүрген қылмыскерді ұстауға біздің заңның неге күші жоқ. Іс қозғалып жатса да, біздің сауда үйінің орындары бір адамнан бір адамға әлі саудаланып жатыр. Енді Шәміл Әбіш кетіп орнына басқа компания келді. Олар төменгі этажға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біз неге кетуіміз керек? Біздің тірнектеп тапқан қаржымызды кім қайтарады? Неге өз елімізде жетім баланың күйін сезініп отырмыз. Овсянниковке 2016 жылы Қазақстан азаматтығы берілген. Егер ол 2001 ден бастап Ресей азаматы болса, 2016 жылы азаматтықты кім берген? Біз енді қайда барамыз? Кімге барамыз? Шырылдап жүрген 67 адамның жан айқайын тыңдайтын адам бар ма? Біздің талабымыз Овсянниковті елге қайтарып, біздің қаржымыз қайтарылсын», - дейді кәсіпкер Сәуле Абдуллина.

«Біздің ертеңгі күніміз бұлыңғыр. 6 жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселеміз бар. Бұл даудың басталғаны 2016-2017 жылдар.Осы күнге дейін шешілмейтін бұл қандай дау? «Еуразия» мен «Рахат» сауда орнының кәсіпкерлері мәселенің шешілмей, одан сайын ушығып тұрғанына байланысты еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтан қолдау сұрап, өз өтінішімізді жеткізу үшін жиналып отырмыз. Мәселені қысқаша баяндайтын болсам, 2016 жылдан бері «Рахат» базары өз орналасқан жерінің құқығын қорғап келеді. 6 жылдан бері шешілмейтін не дау өзі. Қазақта әу баста 3 дау болған «жер дауы, жесір дауы, мал дауы». Жер дауы ең басты дау. Бүгінде нанын тауып отырған саудагерлерді жылы орнынан қуып, әкімдіктің ол жерге демалыс орнын саламыз дегені түсініксіз. Президентіміз жыл сайынғы жолдауларында кәсіпкерлікті дамыту жайлы айтады. Президентіміздің жолдауы Алматыға жеткенше тоны айналып, өңі өзгеріп кетеді. Кәсібін дөңгелетіп, салығын төлеп отырған саударгерлердің жазығы неде? Алматы қаласының құқық қорғау органдары, Сот жүйесі бұлардың барлығы қала әкімінің ықпалынан шыға алмайды. Бүгінде Алматы қаласы экономикалық сотының үкімімен «Рахат» сауда орталығынан 44 саудагерді шығару үкімі шықты. Бұл шешім заңсыз. Шешіммен келіспеген саудагерлер көшеге ереуілге шығуға дайын.

«Еуразия» сауда орталығының жайы туралы айтсақ модернизация деген желеумен базардың сол кездегі иесі Овсянников кәсіпкерлердің ақшасын тартты. Олардың ақшасына сауда үйін салды. Саудагерлер барлығы бірдей меншік иесі болады деген өзара келісіммен қаржыларын құяды. 2022 жылы жап жаңа сауда үйін Овсянников ешкімге айтпастан сатып жіберіп, Ресей асады. Алаяққа тап болғанын білген саудагерлер құқық қорғау органдарына шағымданды. 2022 жылы 15 қаңтарда алаяқтық бойынша іс қозғалды. Содан бері сот процесі бір қадам алға басқан жоқ. Ресейде емін еркін жүрген алаяқты экстрадициялап елге жеткізе алмай отырмыз. Өйткені біздің құқық қорғау органдарымыз оған құлықсыз. Себебі 2022 жылдың желтоқсан айынан бері «Еуразия» сауда үйінің иесі болып қазіргі Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дастан Жантелеев. Жантелеев келгелі бері біздің қылмыстық іс мүлде тоқтады десек қателеспейміз. Кәсіпкерлер шағымын айтса Алатау ауданының прокуроры зерделеу үшін құжаттарды қарап жатқанын айтады. Осы жылдың басынан бастап 4 ай бойы құжаттар тексерілуде. Құжаттармен әлі танысып жатыр. 2022 жылы 6 айда 6 рет меншік иесі ауысып өзгерді. Мұнда отырған сауагерлердің барлығы іс бойынша жәбірленушілер», - дейді «Рахат» базары мен «Еуразия» сауда үйі кәсіпкерлерінің өкілі, «AZP»заңгерлер палатасының мүшесі Жамилә Төлегенова.

Созбалаңға салынған істе құқық қорғау органдарының жұмысы дұрыс жүргізілмеген дейді Алматы облысы заңгерлер палатасының мүшесі Сержан Аршабеков.

Ол: «Менің ойымша істі тәжірибесіз әрі заңгерлік білімі жоқ мамандар жүргізген. Олар іс бойынша нормаға сай тексеріс жасамаған. Тергеу барысында қылмыстық істің жүргізілуінде бірнеше олқылықтар бар. Біз азаматтық қоғам өкілдерін, қоғам белсенділерін БАҚ өкілдерін осы іске бей-жай қарамауын өтінеміз», - деді.

6 жылға созылған қылмыстық істің аяқталуын өтінген кәсіпкерлердің ендігі үміті Президентте.

Аbai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354