Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Дабыл 1007 0 пікір 14 Тамыз, 2024 сағат 19:05

Кәрім Мәсімовтың күйеу баласына іздеу жарияланды

Фото: kaz.tag.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы  Азамат Қапеновке мемлекетаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Abai.kz kaz.tag.kz-ке сілтеме жасап.

«Азамат Капеновке іздеу жарияланды. Іздеу түрі «мемлекетаралық»,- деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Антикор қосымша ақпаратты кейінірек беретінін мәлім етті. Бұған дейін ҚазТАГ іздеу жұмыстары басталғанын хабарлаған болатын. Ол кезде бұл оқиғаның Шығыс Қазақстан облысында тіркелгені және «БИПЭК-Авто» ісіне қатысты болуы мүмкін екені белгілі болды.

Бұған дейін Қапеновке Ресейде іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.

БАҚ – да Азамат Қапенов Кәрім Мәсімовтің үлкен қызының күйеуі екені айтылып жүр.

Abai.kz

0 пікір