Сенбі, 23 Қараша 2024
Денсаулық 1314 0 пікір 16 Тамыз, 2024 сағат 13:33

Коронавирус қайта оралды ма? ДСМ не дейді?

Фото: iStockphoto

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына мониторинг жүргізу 2022 жылдан бері ЖРВИ және тұмау бойынша қолданыстағы эпидқадағалау жүйесіне енгізілгенін мәлімдеді.

Мониторинг қазіргі таңда елде респираторлы вирустар, соның ішінде КВИ айналымы да байқалатынын көрсетті. Осы жылдың басынан бері КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ. Бұл ретте ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендердің жоқтығын айта кету керек, бұл КВИ бойынша дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатқанын көрсетеді. Сонымен секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100 пайыз жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқалары айналыста жүр.

ҚР мемлекеттік бас дәрігерінің м.а. 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 "2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" қаулыға қол қойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475