Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2958 0 пікір 6 Ақпан, 2014 сағат 08:01

Талғат ЕШЕНҰЛЫ. Әдебиет ешкімді жас пен жынысқа бөлмейді

«Жусан Қыз»  оқырманға жол тартты

2014 жылдың ақпан айында ақын Азамат Тасқараұлының «Жусан Қыз» атты жыр жинағы Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді.

Азамат Тасқараұлы – ақын. ҚР Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран при иегері.

Ақынның аталмыш кітабы халықаралық «Алтын қыран» қайырымдылық қорының (Президенті – Исламбек Салжанов) демеушілігімен Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Кітаптың көлемі 5 баспатабақ. Таралымы 1000 дана. Кітапқа алғысөз орнына аға буын өкілдері – Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, марқұм Фариза Оңғарсынова, Бүкіләлемдік Өнер мен Мәдениет Академиясының академигі, жазушы Роллан Сейсенбаев, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері Жәркен Бөдеш, Қазыбек Иса, Маралтай Райымбекұлы және ҚР Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Талғат Ешенұлы секілді ірі қаламгерлер өз пікірлерін білдірген. Кітаптың сыртқы мұқабасына семейлік талантты суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Талғат Тәтиевтің картинасы пайдаланылған.

***

Талғат ЕШЕНҰЛЫ,

Ақын,

ҚР Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері:

- Мойындату үшін, мойындалу үшін міндетті түрде қырыққа, елуге, алпысқа толудың немесе өлудің, мемлекеттік үлкенді-кішілі сыйлықтар алып, сөлкебай тағынудың қажеті жоқ. Әдебиет ешкімді жас пен жынысқа бөлмейді. Өкінішке қарай, ақын адам өз ортасындағы қалыпты тәртіп пен тіршілікке тағы да жауапсыз қарай алмайды. Тума талант үшін ол құрсауды бұзудың бір ғана жолы қалмақ. Ол – «Тәңірінің берген өнеріне» деген, өз талантыңа деген адалдық пен қызмет қана. Азаматта осының екеуі де бар. Азаматтың өлеңдері дегенде, табиғатына және тамырына қатысты екі нәрсеге көңілім ауды. Бірінші. Ақынның өлең жазудағы еркіндігі, тіпті еркелігі десе де болады. Күшенусіз, қиналыссыз туған жыр балқыған сары алтындай құйылады да отырады. Бұл - талантқа ғана тән сипат. Бір қарағанда оның өлеңдерінің дені жауынды күнде, боранды түнде жазылғандай көрінгенімен, кісіні тіксінтіп, құлазытпайды. Қайта бір қоңырқай, көзтаныс әлемге тартып, баурай түседі. Мұның мәнісі ақынның сезімі мен сөзіндегі айнадай шынайлықта, еркін де тентек, поэтикалық көңіл-күйінде, мінез-табиғатында жатса керек. Екінші. Азаматты өзгелерден ерекшелейтін тағы бір тұс – оның өлеңдеріндегі этномистикалық сарын. Бұл сарын бағзы, байырғы Алтайдың, көк түріктердің қайнар бұлағынан бас алып жатыр. Берісі тәңірлік-исламдық өркениеттің, қазақы, ұлттық ауыз, жазба әдебиетінің мұхитына жетіп жығылады. Мен Азаматқа абыройлы адамдық, шығармашылық ғұмыр тілеймін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366