Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
2036 0 пікір 19 Тамыз, 2024 сағат 14:33

Маймыл шешегі: Қазақстан қандай шаралар қолданбақ?

Сурет Google іздеу жүйесінен алынды

Маймыл шешегіне байланысты Қазақстан әуежайлары мен шекара өткелдерінде бақылау күшейді. Бұл туралы Азаттық сайты жазды. 

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру фактісі тіркелмеген. Алайда инфекция елге кірмес үшін әуежайлар мен шекара өткелдерінде бақылау шаралары күшейтіліп, маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға баса назар аударылмақ деп хабарлады ресми БАҚ.

Маймыл шешегін жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ауырады, денеде бөртпе пайда болады. Әдетте ол үш-төрт апта ішінде өтіп кетеді, алайда адам өлімі де тіркелген.

14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірқатар елдерінде аталған аурудың жылдам таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2756
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 835