Қазақстандағы саяси үдерістер және тарылып бара жатқан бостандық кеңістігі
Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшісі Бауыржан Байбосын, жүргізушісі Василий Журавлевтардың кісі қолынан қаза болуына байланысты қылмыстық іске Рахат Әлиевтің қатыстылығы туралы бас прокуратураның мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қайта қаралып, Ержан Өтембаев пен Рустам Ибрагимов сотта қайта сұралған болатын. Бұл соттың қалай өткендігі жайлы «Жас Алаш» газеті үзбей жариялап отырды.
Алтынбек Сәрсенбаев атындағы қор 10-ншы ақпан күні «Қазақстандағы саяси үдерістер және тарылып жатқан бостандық кеңістігі» атты дөңгелек үстел өткізбек. Онда жақында өткен сот процесі, елдегі құқықтық-соттық жүйесі, азаматтардың конституциялық бостандықтары мен құқықтарының бұзылуы және басқа маңызды тақырыптар сөз болады.

Құрметті әріптестер!
2014 жылдың 10 ақпан күні «Қазақстандағы саяси үдерістер және тарылып жатқан бостандық кеңістігі» атты дөңгелек үстелдің отырысы болады.
Дөңгелек үстел барысында ел азаматтарының конституциялық бостандықтары мен құқықтарының бұзылуы, құқықтық-соттық жүйенің реформалануы сияқты көптеген өзекті мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, жиналыста жақында ғана Қаскелеңде өткен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктестері Василия Журавлев пен Бауыржан Байбосынның қайғылы қазасына қатысты қылмыстық іс аясында өткен Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың «сыбайласы» болып табылған Ержан Өтембаевтың сотына қоғамдық баға беріледі.
Дөңгелек үстелге белгілі қоғам қайраткерлері, құқыққорғаушылар, сарапшылар, зиялы қауым және бұқаралық баспасөз құралдары өкілдері қатысып, сөз сөйлейді.
Өтетін орны мен уақыты: 10.00, Алматы қаласы, «Астана» қонақ үйінің «Ұлытау» залы (Байтұрсынов пен Сәтпаев көшелерінің қиылысы).
Ұйымдастырушы: Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры
Abai.kz