Жұма, 20 Қыркүйек 2024
619 1 пікір 21 Тамыз, 2024 сағат 14:38

Әкемтеатр жаңа маусымның ашылуына шақырады!

Репертуар театрдың баспасөз қызметінен алынды

2024 жылдың 16 қыркүйек күні Almaty Theatre театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-театр маусымының ашылу салтанаты өтеді, шара аясында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» қойылымы сахналанады.

1926 жылы 13 қаңтарда өз шымылдығын ресми түрде Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашқан, өз тарихында үлкен белестерден өтіп, ұлттық өнердің символына айналған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрына 2026 жылы ғасыр толады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғимараты жақында толықтай қайта жаңғыртылатынын айтты. Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтойына орай, яғни 2026 жылы аяқталады.Дегенімен, шығармашылық әлеуеті жоғары театр ұжымы биік көркем өнер, жаңа тұрпатты мәдениет жасау, отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік, сұлулықты дәріптеу жолындағы жұмысын тоқтатпайды.

2024 жылдың 16 қыркүйек күні Almaty Theatre театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99 маусымының салтанатты ашылуы өтеді. Шара аясында қаламыздың ағымдағы жылда болған театр өмірінің айшықты оқиғалардың бірі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жаңа қойылымы ұсынылады.

Салтанатты іс-шара «Almaty Theatre» театрынында сағат 18:00-де басталады. Кеш қонақтарын арнайы дайындалған кеш бағдарламасы мен  театр басшылығының құттықтау сөздері күтеді. Бұл БАҚ өкілдері үшін бірінші болып жаңа маусымға арналған жоспарлар мен жобалардан хабардар болуға, сондай-ақ қойылым режиссері мен қойылымның басты кейіпкерлерімен сұхбат алуға бірегей мүмкіндік.

Қойылымға дейін, сағат 19:00-ға жоспарланған баспасөз мәслихаты БАҚ өкілдеріне режиссерге, актерлер мен театр басшылығына сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.

Маусымның  қазақ әдебиетінің  жауһар туындысы махаббат пен адалдық аңызына негізделген Жаңа маусымның «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымымен ашылуының символикалық мәні бар. Бұл қойылым біздің тарихымыз бен мәдениетімізді ұштастыратын жаңа 99-шы маусымымыздың тамаша бастамасы. Театрдың 99-маусымының «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклімен ашылуы қаланың  мәдени жаңалықтар кеңістігінде жарқын оқиғаға айналатыны айқын.

Өтетін орны: Almaty Theatre театры, Әл-фараби даңғылы 30

Abai.kz

1 пікір