Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1900 9 пікір 2 Қыркүйек, 2024 сағат 16:31

Украинаның жойқын жауабы: Мәскеуден маза қашты...

Коллаж: Abai.kz

«Ресейдің Украинадағы қалалар мен ауылдарға жасаған әрбір соққысы соғысты Ресей аумағына ауыстыру керек екенін дәлелдейді»,- деп мәлімдеді президент Зеленский.

«Лаңкестік мемлекет соғыстың не екенін сезінуі тиіс. Біз ресейлік әскери нысандардың, ресейлік логистиканың, олардың әскери экономикасының сыни нысандарының мүмкіндігінше көбеюі үшін жұмыс істеудеміз - осының бәрі біздің қаруымызға қолжетімділік аймағында болуы үшін. Қазір оны біздің дрондар қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Зеленский.

Ол сондай-ақ жексенбі күні Харьковқа соққы беріліп, 50-ге жуық адам зардап шеккенін еске алды.

Зеленскийдің айтуынша, Украинаның елдімекендеріне Ресей армиясының әрбір соққысы соғысты РФ аумағына ғана емес, оның шекарасына да ауыстыру қажет екенін растайды.

Жексенбі күні таңертең Украинаның соққылаушы дрондары Мәскеу мен Ресейдің 14 өңіріне шабуыл жасады. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Бұрын-соңды болмаған» рекордтық мөлшердегі барлығы 158 соққылаушы дрон Ресей аспанын армансыз шарлады. Ресейдің бірсыпыра стратегиялық нысанына дөп соққылар жасалды. Соның ішінде: 2 эоектр станциясына соққы жасалды. Олар: Тверь облысындағы Конаковская станциясы (мемлекеттік аудандық электр станциясы) және Мәскеу облысындағы Каширская станциясы. Бұл екі станция да өртенді. Сондай-ақ, соққылаушы дрондар Мәскеу мұнай өңдеу зауытына да дөп тиді.

Украинаның ұшқышсыз ұшатын аппараттары Мәскеу, Тверь, Тула, Брянскі, Белгород, Воронеж, Липецскі, Рязань, Калуга облыстарының аспанында атой салды.

Украина Ресейдің түрлі өңірлеріне соққылаушы дрондар арқылы әлсін-әлсін шабуылдан ұйымдастырып келеді. Мақсаты – Ресейдің әскери әуе айлақтары, әскери нысандар мен стратегиялық инфрақұрылымдар, соның ішінде мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базалары.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048