Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1113 0 пікір 21 Тамыз, 2026 сағат 14:42

Трамп Иранға тағы да сес көрсетті...

Сурет: report.az сайтынан алынды.

Трамп Иран "бұрын-соңды болмаған" экономикалық құрсауға алынатынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық операция басталғанын жариялады. Оның сөзінше, тарихта бұрын-соңды ешбір елге қарсы мұндай операция болмаған.

"Иран Ислам Республикасына келісім жасауға дәл мендей ешкім мүмкіндік берген емес. Өкінішке қарай, олар оны пайдаланбады. Сондықтан бүгін мен бұған дейін ешбір елге қарсы жүргізілмеген ең жойқын экономикалық операцияны жариялаймын! Бұл экономикалық соғыс және бұрын-соңды болмаған ауқымдағы оқшаулау болады", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парағына.

Ол Иранға көмектесетін кез келген ел "орасан зор экономикалық салдарға" тап болатынын ескертті, алайда қандай салдар екенін нақтыламады.

Трамп Иранға қарсы қабылданып жатқан шараларды "Экономикалық D күні" деп атап (1944 жылғы 6 маусымда, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастардың Нормандияға түскен күн), АҚШ-тың одақтастарын Иранды оқшаулауға қатысуға шақырды.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1177
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2702
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 824
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 795