Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1408 4 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 15:48

Әлем жаппай қарулануда! Бізге де қарулану керек!

Сурет: Форбс сайтынан

Ресейдің НАТО-ны «1997 жылдың шекарасына шегінуге» мәжбүрлеу әрекеті әскери-саяси қопарылысқа әкеп соқтырды. Бұл арада әңгіме – Солтүстік Атлант альянсының бұрын-соңды болмаған тұтастығы мен оның скандинавиялық екі елмен толығыуында емес, тіпті Украинадағы соғыс туралы да емес.

Қауіпсіздік үшін тәуекелдердің күрт өсуі – Батысты көпжылдық милитаризациялауға талпынтып, қайта қаруландыру процесінің арбасына жекті. Бұл жерде Батыстың жаппай қарулануынан Ресейге бес тиындық пайда жоқ екені бесенеден белгілі.

БАТЫСТЫҢ ӘСКЕРИ-ӨНДІРІСІ ҮШІН АЛТЫН ДӘУІР ТУДЫ!

Мынаны қараңыз, статистика бүйдейді: АҚШ пен Еуроодақтың 8 жетекші қорғаныс корпорациясы өткен жылдың аяғында 750 млрд долларға тапсырыс орындапты. Яғни, осынша соманың қару-жарақ, техникасын шығарған. Биыл осы сомаға тағы 10,5 млрд қосылған.

Әскери-өндіріс саласындағы жекелеген компаниялар да қарқындарына қарқын қосуда. Қараңыз: «Lockheed Martin» дейтін корпорация «Patriot» ПВО кешендерінің өндірісін 2027 жылға дейін 30 пайызға арттырмақ. Демек, сұраныс бар! Тапсырыс көбейген!

Ал дүркін-дүркін дүрсілдететін атақты «HIMARS-қа» арналған снарядтар өндірісі 2025 жылға дейін 3 есеге көбеймек. Бұған да сұраныс артқан.

Британиялық «BAE Systems» дейтін корпорация 155-миллиметрлік гаубицаларды шығаруды 8 есеге көбейтіп жатыр. Демек, бұлар да сұрыныстың артуына қарай амалдауда.

ӘЛЕМДІК ҚАРУЛАНУ ЖАРЫСЫ: ӨЗГЕЛЕР...

Әлем жұрты қаруланып жатыр дедік. Сөз дәлелді болсын, қараңыз: Өткенде ғана Жапония Қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны ұлғайтып, 53 млрд долларға жеткізуді қолға алды. Бұл Жапония үшін соғыстан кейінгі кезеңдегі ең ірі сома!

НАТО-ның 32 мүшесінің 23-і Қорғаныс бюджетін ЖІӨ-нің 2 пайызына жеткізген екен. Жалпы НАТО-ның қорғаныс бюджеті 400 млрд доларға жуықтайды дейді бір деректерде.

АҚШ-тың әскери бюджеті биыл 886 млрд долларға жеткен екен. Германия бастаған НАТО елдерінің әскери бюджеті ЖІӨ-нің 2 пайызына жуықтаса, Польша ЖІӨ-нің 4,2 пайызын осы салаға бөлмек.

Әлемде әскери бюджетке көп қаржы бөлетін – АҚШ. Оның сомасын жоғарыда айттық. Онан соң, тізімде Қытай тұр. 300 млрд долларға жуық қаражат осы салаға жұмсалады екен. Әскери салаға көп ақша жұмсайтындардың алғашқы бестігіне Ресей, Үндістан мен Саудия кіреді екен.

Әскери бюджетті арттырғандар тізімінде: Украина, Польша, Дания, Румыния, Финляндия, Канада, Түркия т.б. бар. Созылыңқы қақтығыстарды бастан өткеріп жатқан Демократиялық Конго, Алжир дегендер де әскери бюджеттерінеселеп арттыруда. Түркия тіпті, әскери өндірісті міндетті пән ретінде ЖОО-ларда оқытуды қолға алмақ... Қазір қоғамдық талқы өткізуде.

Түйін: Жоғарыда әскери өндіріс саласындағы компаниялар туралы сөз еттік. Міне, солар қазір ХХІ ғасыр армиясының бейнесі пайда болуда!

Дәл қазір әлем жұрты аласапыран күйді бастан кешіруде. Жаһанды қақтығыстар өрті шарпып, әлемдік геосаяси ахуал күрделене түсуде. Былтырғы жылғы есеп бойынша әлемде 180-нен астам қақтығыс ошақтары тіркелген.

Сәйкесінше, әлем елдері ылдым-жылдым қарулану үстінде. Яғни, милитаризм күшейді. Сол әлемнің ажырамас бір бөлігі – бізбіз. Демек, әлемдік тенденция бізді де айналып өтпесі анық! Демек, бізге де қарулану керек. Бұл анық!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5241