Сәрсекбаев тағы да «нокдаун» алды
Бейжің олимпаидасының қаһарманы Бақыт Сәрсекбаев тағы да «нокдаун» алды.Біздің былғары қолғапты батырымыз қазір рингтте емес, тірлікте үсті-үстіне таяқ жеуде. Сәрсекбаев пен Сәрсекбаевтың жаттықтырушысы Кәрім Махмудовтың арасындағы баспана дауы бұл күнде жұрттың бәріне жыр болып бітті. Әйтсе де қайыра естеріңізге сала кетейік, Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырушысы Кәрім Махмудовқа қарсы сотқа арыз беріп, өзі сыйға тартқан пәтерді қайтарып беруді талап еткен еді.
Бұл баспананы 2008 жылы Сәрсекбаев жаттықтырушысына алғыс ретінде сыйға тартыпты. Алайда пәтер кілті жатықтырушыға ауызша жасалған келісіммен берілген. Келісім бойынша, жаттықтырушы Махмудов төл шәкіртін Лондон Олимпиадасына қатысушы команда құрамына енгізуі керек болған. Бірақ, боксшы ол кұраманың сапына енбей қалды. Арада біраз уақыт өтсе де өкпесін ұмыта алмаса керек, Сәрсекбаев жаттықтырушысынан пәтерді қайтарып алуға талпынып, соттасқан еді. Сотта ұтылып қалған ол қолдау сұрап депутат Қайырбек Сүлейменовтің қабылдауында болған. Бұрынғы бокшсы Қайырбек ағадан қандай қайыр болғаны әзріге белгісіз, бірақ Бақыт Сәрсекбаев туған ағасы Бауыржаннң пәтерін алып қойып, сатып жіберген көрінеді. Енді оның төртінші балаға жүкті әйелін екі ұл бір қызымен тастап кеткені сөз болуда.

Кейбір мәліметтер бойынша, боксшы Астанадағы “Сана” тұрғын үй кешенінде жаттықтырушысы Махмудовтың пәтерінде тұрып келген. Сот отырысында жаттықтырушының мүддесін қорғаған Жұмағалиеваның сұрауымен алынған әділет органдарының құжаттарынан Бақыт Сәрсекбаевтың өткен жылы күзде өзінің әйелімен ажырасып, кішкентай үш баласымен оларды “Абай” кешеніндегі бұрынғы пәтерінде қалдырғаны анықталды.
Кәрім Махмудов Өзбекстанда туып өскен. Ұлты өзбек. Сәрсекбаевтың Бейжің олимпиадасындағы жеңісінен кейін ол Қазақстан азаматтығын қабылдаған. Білетіндердің айтуына сенсек, Бақыттың туған нағашысы.
Айтпақшы, Бақыт Сәрсекбаевқа Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Құлагер» ықшам ауданынан пәтер беріпті дегенді естігенбіз. Алайда ол пәтер кілті белгісіз бір себептермен боксшының қолына тимеген көрінеді.
Abai.kz