Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4074 0 пікір 21 Ақпан, 2014 сағат 05:40

Тоғызқұмалаққа арналған ежелгі тастар табылды

Семей өлкетанушылары Шығыс Қазақстан облысындағы қыраттардың бірінен тоғызқұмалақ ойынына арналған он шақты жалпақ тас тапқан.

"Прииртышье" өлкетану қоғамының мүшелері Медеу ауылының маңындағы Қозыбағар қыстауынан домалақ шұңғымалары бар тастарды тауып алғанын хабарлады. Өлкетанушылардың пікірінше, бұл тастар тоғызқұмалақ ойынына арналған. Он тақта тастың бесеуі ғана ойынға жарамды күйінде екен. Қалған тастардың шұңғымалары жоққа айналған.

«Олар жаңбыр суы мен желден бұзылуы мүмкін, саздан жасалған тас жұмсақ болғандықтан солай болған. Немесе сол уақыттарда ойын шарттары қазіргідей болмаған» дейді қоғам төрағасы Павел Жуков. «Тақта тастардың қай уақыттың жәдігерлері екенін айту өте қиын. Олар 50, 300 немесе тіпті 2000 жыл бұрын жасалуы мүмкін, оны ешкім де білмейді. Бұл аймақта Қозыбағар есімді біреу өмір сүрген деген аңыз бар. Ол кезінде тоғызқұмалақ ойынын қатты жақсы көргендіктен, көптеген жарыстар ұйымдастырған-мыс» - дейді Жуков.

Abai.kz

Сурет: tengrinews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318