Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 1013 8 пікір 10 Қыркүйек, 2024 сағат 11:32

Кім ат мінгізді? Кім ешкі берді? Кім қой атады?

Сурет Jibek Joly арнасының баспаөз қызметінен алынды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы Асхат Аймағамбетов «УӘДЕ» бағдарламасына сұхбат берді. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы Асхат Аймағамбетов «УӘДЕ» бағдарламасына берген сұхбатында олимпиадада жеңіске жеткен спортшыларға ғана емес, білім бойынша халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен балаларға да қолдау көрсету қажеттігін айтты.

«Спортшыларға тек мемлекет тарапынан ғана емес, қоғам, меценаттар және қалталы азаматтар тарапынан үлкен көмек көрсетіліп жатыр. Ал білім бойынша олимпиадаларды жеңіп алған балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр? Оларға кім ат міңгізді? Кім ешкі берді? Кім қой атады немесе көлік сыйлады? Үй бермесе де, бір ат сыйлауға болар еді. Бұл балалар Қазақстанның болашағын өздерінің ақылымен жасайтын дарынды балалар.

Мемлекет тарапынан Президенттің қолдауымен ақшалай сертификаттар, тегін гранттар берілуде. Біз қазір заңға бұл балаларды «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде бакалавриат бойынша оқыту мүмкіндігін енгізіп жатырмыз. Мұндай оқыту құны 200-300 мың долларды құрауы мүмкін.Мемлекет аз да болса, көп те болса, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Неге меценаттар осы балаларға бір ат міңгізбейді? Бұл - қоғамның құндылықтар жүйесіне қойылатын маңызды сұрақ», - деді Аймағамбетов.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364