Жұма, 15 Мамыр 2026
Маңызды 1634 1 пікір 11 Қыркүйек, 2024 сағат 15:01

Ресей Орталық Азияның энергия жүйесіне қосылмақшы

Фото:egemen.kz

Өзбекстан мен Ресей энергетика министрліктері ресейлік "Жүйе операторын" Орталық Азияның энергия жүйесіне қосуға келісті

Бұл туралы Ресей энергетика министрі Сергей Цивилев Ресей премьер-министрінің Өзбекстанға сапарында жасалған келіссөздер қорытындысын айтқанда мәлімдеді деп жазды ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Аzattyq.org.

"Орталық Азияның жеке энергия жүйесі бар, біз оған әзірге кірмейміз. Бірақ ["Жүйе операторы"] Орталық Азияның бірыңғай энергия жүйесін бірге басқару үшін оған кіруі керек, біз бір-бірімізбен байланыстымыз. Өзбек тарапы мұны қолдап отыр. Мұны жақын арада істейміз" деді Ресей энергетика министрі.

Бұған дейін Ресей энергиясын экспорттап-импорттайтын негізгі оператор "Интер РАО" компаниясы Өзбекстанға электр энергиясын экспорттау мүмкіндігін пысықтап жатыр деген. Ол күзде басталуы мүмкін.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2772
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1885