Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Қылмыс 2285 2 пікір 13 Қыркүйек, 2024 сағат 15:02

Нығматуллинге тиесілі ферроқорытпа зауыты 740 мың теңге айыппұл төлейді

Фото: shutterstock

Сотта корпорация өкілі тағылған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады. Бірақ оған қарсы бұлтартпас дәлелдер ұсынылды. Осылайша «YDD Corporation» компаниясы құтқарушыларды 40 минут бойы зауытқа кіргізбегені үшін кінәлі деп танылды.

“200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды”, – деп хабарлады Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2024 жылдың 20 шілдесінде YDD корпорациясының ферроқорытпа зауытында өрт шығып, 8 жұмысшы зардап шекті, олардың 4-еуі кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1147
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2681
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 795
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 763