Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3423 0 пікір 27 Ақпан, 2014 сағат 08:59

Лимоновтардың қожасы – Кремльдiң төрiнде

Өткен аптада “Казнет” ақпараттар сайты Ресейдiң белгiлi оппозицияшыл-ұлтшылы Эдуард Лимоновтың Кремль басшыларына: “Назарбаев билiктен кет­кен соң, Қазақстанның солтүс­тiк облыстарын Ресейге қосу керек”, – деген ұсыныс тастағанын жария­лады.

Өткен аптада “Казнет” ақпараттар сайты Ресейдiң белгiлi оппозицияшыл-ұлтшылы Эдуард Лимоновтың Кремль басшыларына: “Назарбаев билiктен кет­кен соң, Қазақстанның солтүс­тiк облыстарын Ресейге қосу керек”, – деген ұсыныс тастағанын жария­лады.

“Қазақстанда ел-жұртқа тиiмсiз делвальвация болды. Президент Назарбаев қарта­йып барады, оның мұрагерi де жоқ секiлдi”, – дептi Лимонов.
Ресей ұлтшылы сондай-ақ дүрбелеңге ұрынған Украина туралы да осындай пiкiр айтады. Оның батыс бөлiгi “бандерашыл” топтардың ие­лi­гiнде қалса, оңтүстiк және шы­ғыс жағы Ресейге қосылуы керек дейдi.
Осы электронды сайтта бұл Лимоновтың тоқсаныншы жылдардың ортасында Көкшетау облысында жергiлiктi казактар қауым­дас­тығының қолдауымен көтерiлiс жасап, сол аймақты басып алмақшы болғаны да айтылады.
Жаңалыққа құлағы түрiк жүретiн адамдар Лимоновтың аты-жөнiнен хабардар. Оның Казимирчук деген жақтасы бастаған 22 адамнан тұратын ұлтшыл топ (бұ­лардың 12-сi ресейлiктер) 1999 жылы Өскеменде көтерiлiс жасап, жергiлiктi билiктi құлатып, “Ресей Алтайы” республикасын ашпақ болған әрекетiн де әлi ұмыта қойғамыз жоқ.
Биылғы жылы осы Лимонов бас­қа­ратын “Другая Россия” тiркелме­ген партиясының ұйымдары Қазақстан жерiн­де жұмыс iстеп жатыр деген бiр хабар жеттi. Бұның да рас-өтiрi­гiн әлi ешкiм айтқан жоқ.
Бiр ескерте кететiн жайт, Ресейде осы Ли­монов секiлдiлердiң ешкiм бетiнен қақпайды. Байқасақ, бұлар “үлкен көршi­мiз” қолданатын саясаттың қосалқы бiр құралы тәрiздес. Себебi Ресей бұл се­кiлдi “басып алам” деген қоқан-лоққыны ресми түрде жариялай алмайтыны белгiлi. Өйтсе, халықаралық шиеленiске ұрынары сөзсiз. Сондықтан өзiнiң iшкi ойын бұрын­ғы отары болған елдерге Лимонов се­кiлдiлер арқылы жеткiзе­тiн      сияқты. Өткен күзде Ресейдiң Терновка деп аталатын темiр жол стансасында техникалық себеппен тоқтаған “Мәскеу – Душанбе” бағытындағы жолаушылар пойызына жергiлiктi славян тектес ұлтшылдар шабуыл жасаған. Соның салдарынан бiраз адам жарақат алып, көптеген вагондардың терезесi қирады.
Ең сұмдығы, осыны көрiп тұрған жол бо­йының полициясы мен станса басшылары ешқандай әрекет жасамаған. Сол пойызда келе жатқан Ресей жағының темiржол қауiпсiздiгi ревизорлары да ешқайда хабарламапты. Кейiн бұл мәселе мемлекет­аралық талқыға түскен кезде де, Ресей жағы әлгi оқиғаға не оң, не терiс деген баға бермедi. Осыған қарап, Ресей ұлтшылдарының қолдаушылары Кремль­дiң нақ төрiнде отырғанын аңғару қиын емес.
 

 
Сайлау Байбосын,
Павлодар облысы
 
"Жас Алаш" газеті
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322