Сенбі, 23 Қараша 2024
Спорт 1259 0 пікір 18 Қыркүйек, 2024 сағат 16:51

Дәулет Тұрлыханов: Спорттық іс-шараларға бөлінген қаржыны бақылау керек

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Тұрлыханов еліміздегі спортты дамытуға қатысты ұсыныстарын жариялады.

«Парижде өткен Олимпиаданың нәтижелері қазақстандық спорттағы елеулі проблемаларды көрсетті. Жалпы, жастар арасында білім беру мекемелерінде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған материалдық-техникалық базаның әлсіздігі байқалып отыр. Бұл жағдай бұқаралық спортты дамыту мүмкіндігін шектейді. Оқу орындары әкімшілігі жағынан студенттік спортты дамытуға және жастардың жарыстарға қатысуына мотивация төмен деңгейде. Әсіресе, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жеткіліксіз. Балалармен және жастармен жұмыс істейтін білікті мамандар мен жаттықтырушылар тапшы. Өңірлік деңгейден бастап спорттағы жоғары жетістіктер сабақтастығының әлсіз жүйесін де атап өткен жөн. Мұнымен қоса, өңірлерде олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың төмен деңгейі көрініп тұр», - деді Д. Тұрлыханов Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, бұл салаға қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, бұл шығындардың тиімділігі төмен. Осы орайда бұл жағдайды жақсарту үшін келесі шараларды қабылдау ұсынылды:

- спорттық іс-шараларды қаржыландыру процестерін толығымен цифрландыру және қаражаттың мақсатты пайдаланылуына онлайн-бақылау жүйесін енгізу;

- шетелдік тәжірибені қолдана отырып, спорттық іс-шараларды жоспарлаудың заманауи әдістерін қолдануды қолға алу;

- жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, әсіресе халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізетіндер үшін көтермелеу жүйесін күшейту;

- спорт нысандарын басқаруда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.

«Қазақстандық спортқа маңызды реформалар қажет. Спортты дамытудың 2025-2028 жылдарға арналған бағдарламасын және 2032 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекітуді ұсынамыз», - деді депутат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434