Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1613 0 пікір 19 Қыркүйек, 2024 сағат 11:55

Тауар биржалары туралы жаңа заң отандық өндірушелірге қалай көмектеседі?

Фото Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев

Бүгін Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тауар биржалары мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутаттар бастамашы болған заң жобасын жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляева таныстырды. Ол бұл жоба Мемлекет басшысының биржалық тауарларға ашық баға белгілеуді қалыптастыру және «қалта» биржаларын нарықтан шығару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленгенін атап өтті.

– Бұл заң жобасы бірқатар нақты проблемалық мәселені шешеді. Тауар биржалары шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері ретінде алынып тасталады. Брокерлер мен клирингтік орталықтарды лицензиялау және оларды қаржы мониторингі субъектілері санатына қосу қарастырылады. Стандартты аукцион және стандартталмаған тауарлар биржалық саудадан шығарылып, стандартталмаған тауарлармен сауда электронды сауда алаңдарына ауыстырылады, – деді Е. Смышляева.

Депутаттың айтуынша, мұның нәтижесінде отандық тауар өндірушілер жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алымдарына кедергісіз қол жеткізе алады. Осылайша осы кәсіпорындардың төңірегінде отандық өндірушілердің белдеуі қалыптастырылады.

Мұның барлығы қаржылық тұрақтылық пен тауар биржалары жұмысының ашықтығына қойылатын талаптарды қатаңдатып, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Мемлекеттік бақылауды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де кеңейтеді. Ол биржалық саудаға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізіп, тауар биржаларын лицензиядан айыруға және оларды тоқтатуға мүмкіндік алады.

Бұл ретте Үкімет конкурстық негізде әлеуметтік маңызы бар биржа тауарларының саудасы жүзеге асырылатын тауар биржаларының тізбесін айқындайды. Тауар биржаларының тізбесін Сауда және интеграция министрлігі бекітеді, оған көмір, бидай, мұнай және бірқатар азық-түлік өнімдері кіреді.

Баяндаманы тыңдаған депутаттар заң жобасын әзірлеушілер мен жауапты Үкімет мүшелеріне заң жобасының нормаларына қатысты сұрақтарын қойды. Талқылау нәтижесінде түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394