Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Қоғам 276 1 пікір 26 Қыркүйек, 2024 сағат 16:23

«ҚазМұнайГаз» активтеріне бақылау күшейтілді!

Фото:"ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы шеңберінде өз активтерін өткізу шарттарының орындалуына бақылауды күшейтті.

Жекешелендіру саласындағы мемлекет саясатының тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысы бойынша (2023 жылғы желтоқсан) ҚМГ активтерін сатып алу-сату шарттарының орындалуын бақылаудың қолданыстағы жүйесі олардың орындалу талаптарының анықтығын қамтамасыз етпейтіні анықталды. Осыған байланысты ұлттық компанияға жұмыс нормативтеріне қажетті өзгерістер енгізу тапсырылды.

Нәтижесінде ҚМГ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі шешімімен Активтерді өткізу қағидалары жаңа редакцияда бекітілді. Мұнда бәсекелес ортаға берілетін заңды тұлға қызметінің бейінін, жұмысшылардың жалпы санын, олардың жалақы деңгейін сақтау сияқты және басқа да талаптар көзделген.

Жаңартылған Қағидаларға сәйкес активті өткізудің барлық талаптары міндетті түрде сатып алу-сату шартына енгізіліп, одан әрі олардың орындалуын растайтын тоқсан сайынғы, жартыжылдық немесе жылдық есептер ұсынылып отыруға тиіс.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында.

Abai.kz

1 пікір