Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Алаң 1104 0 пікір 2 Қазан, 2024 сағат 17:20

Елшілік Израильдегі отандастарға үндеу жасады

Фото: https:kaztag.kz

Қазақстан елшілігі Израильдегі қазақтарға үндеу жасады.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауы аясында Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық қазақстандық азаматтарға күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағы және абай болуға, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруға, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуға кеңес береді. », – делінген Қазақстанның Израильдегі елшілігінің сайтында.

Израильде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдайлар желісі ашық:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (мобильді, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (мобильді, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Еске салайық, бір күн бұрын ҚазТАГ дипломатиялық корпустағы дереккөзге сілтеме жасап, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы жағдайды бақылап отырғанын хабарлаған болатын. Бұл елдер арасындағы қақтығыс 2 қазанға қараған түні қызу фазасына енді. ҚазТАГ сондай-ақ Қазақстан полициясы патрульдік бағыттарды Израильдегі синагогалар мен дипломатиялық нысандарға жақындатқанын анықтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 810
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3024
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2053