Дүйсенбі, 4 Қараша 2024
Билік 1440 11 пікір 7 Қазан, 2024 сағат 03:01

Еxit-poll есептері шықты: Сарапшылар не дейді?

Суреттер: ОСК сайты, Еділов арнасы, sputnik.k сайтынан алынды.

Елімізде АЭС құрылысына қатысты жалпыхалықтық референдум аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының 20:00-дегі есебі бойынша сайлаушылардың пайызы дауыс берген. Ең жоғарғы көрсеткішті Қызылорда облысы көрсетсе (82,48 пайыз), ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген (25,39 пайыз). Ал Елордада сайлаушылардың 50,81 пайызы дауыс берген.

Сурет ҚР ОСК сайтынан алынды.

АЭС құрылысына қатысты өткен жалпыхалықтық референдумда үш институт Exit poll жүргізген. Олар да алдын ала есептеулерін жасап, нәтижесін жариялады. Сонымен, Exit poll нәтижесі қандай болды?

БІРІНШІ EXIT POLL: 69,8 ПАЙЫЗ

Алғашқы есепті «СОЦИС-А» Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жариялады. Олардың есептеуінше, дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдаған, ал 30,2 пайызы қарсы шыққан.

ЕКІНШІ EXIT POLL: 72,3 ПАЙЫЗ

Ал «Amanat» партиясының  қоғамдық саясат институты АЭС құрылысын жақтаушылар саны 72,3% екенін, қарсы дауыс бергендер саны 27,7%-ды құрайтынын есептепті.

ҮШІНШІ EXIT POLL: 71,8 ПАЙЫЗ

Үшінші еxit-poll-ды Еуразиялық интеграция институты жариялады. Олардың есептеуінше, АЭС құрылысын электораттың 71,8%-ы қолдаған.

Сурет Еділов телеграм арнасынан алынды.

Айбар Олжаев:

- Таңдау айқын - АЭС керек! Бүгін Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Еxit-poll өткізді. Оған 44 160 азамат қатысып, 300 дауыс беру учаскесі қамтылды. Экзитпол нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісемін деп жауап берген.

Соңғы уақыттағы негізгі тақырып осы референдум еді. Сауатты үгіт-насихат, бүкіл мемлекеттік аппаратты, партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен халықтық штаб атынан азаматтық қоғамды жұмылдыру, аудиториямен нысаналы жұмыс өз жемісін берді.

ОСК беретін ақырғы ресми шешімді күтеміз. Бірақ экзитпулдан тым алшақ болмайтыны анық.

Айдос Сарым:

- Еxit-poll-ның алғашқы деректері жария болды. Бұл науқанда үш социологиялық құрылым есеутеулер жүргізді. «СОЦИС-А» социологиялық қызметінің алғашқы деректері: Әлеуметтанушылар күні бойы арнайы әдістеме бойынша сайлау учаскелерінің шыға берістерінде сауалнама жүргізген.

Олар еліміздің барлық өңірлеріндегі 188 сайлау учаскесінде жиынтығы 283 мыңнан астам адамнан жауап сұраған. Олардың мәліметінше, атом электр станциясының құрылысын сауалнамаға қатысқандардың 69,8 пайызы қолдаған. 30 пайыздан астамы жоқ деп жауап берді. Социологиялық қателік 1,5 пайызды құрайды.

Данияр Әшімбаев:

- Референдумға қатысушылардың социологиялық сауалнамаларының материалдары жариялана бастады. Бұл мәліметтерге сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 70 пайызға жуығы АЭС құрылысын қолдап дауыс берген. 30 пайызға жуығы қарсы болған.

Әдетте еxit-poll-дың деректері ОСК ресми жариялайтын деректерден тым алшақ болмайды. Осылайша, Қазақстан халқы атом электр станциясын салу қажеттілігін қолдады деп қорытынды жасауға болады.

Бұл тақырып Қазақстан үшін жаңалық емес. Бізде Маңғышлақта көп жылдар бойы сәтті жұмыс істеп тұрған атом электр станциясы болды, бірақ 25 жыл бұрын жабылды. Ұзақ жылдар бойы атом энергетикасына қайта оралу жобасы талқыланды, бірақ үнемі саяси ерік-жігер жетіспеді, күшті сыртқы қысым елге қажетті шешім қабылдауға кедергі болды.

Қазір де үгіт-насихат кезеңінде АЭС құрылысының жоспарын бұзып қана қоймай, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысып, шетелден ақша алып жүрген үгітшілердің белсенді жұмысына куә болдық. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәселені қоғамдық талқылауға шығару туралы бастамасын қолдау үшін еліміздің барлық сындарлы қоғамдық күштерін біріктірген Халықтық штабтың қарқынды жұмысын атап өтеміз.

Ел халқы, көріп отырғанымыздай, ескі фобияны да, жаудың үгіт-насихатын да жеңе отырып, бұл шешімнің қажеттілігі мен маңызын оң қабылдады. Алдын ала деректер ұлттық энергетика секторының және тұтастай алғанда экономиканың тұрақты дамуының негізі ретінде атом энергетикасына қайта оралу жобасын қолдаудың жоғары деңгейін көрсетеді.

Никита Шаталов:

- Бүгінгі референдумның exit-poll мәліметтері пайда болды: барлығы аз ғана статистикалық айырмашылықпен 70%-дың төңірегін көрсетті. Менің ойымша, Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтері осы шамада болады. Сайлаушылардың төрттен үшке жуығы Қазақстанда бейбіт атомдар қолданылуы үшін дауыс берді. Бұл өткен айда халықтық штаб жүргізген науқанның нәтижесі.

Алда әлі көп нәрсе бар: дауыс беру нәтижелерін санау, оларды бекіту, содан кейін үкіметтің ірі құрылыс жобасының барлық параметрлерін анықтау бойынша жұмысы. Қазір маңыздысы референдум өтіп, қазақстандықтар конституциялық құрылымның жекелеген мәселелеріне емес, болашақта олардың өміріне физикалық әсер ететін нақты мәселеге дауыс беру мүмкіндігі мен тәжірибесіне ие болды.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 798
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1034
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 975