Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Қылмыс 1470 3 пікір 9 Қазан, 2024 сағат 16:16

Талғардағы жасөспірім өлімі: Күдіктілер қамалды

Талғарда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық істі ІІМ ерекше бақылауына алып, арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазір бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатыр.

«Қазіргі уақытта 7 адамның қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша, басқа тұлғалардың қатыстылығын анықтау үшін тергеу шеңберінде тексеру жүргізіліп жатыр. Әрқайсысына қатысты құқықтық баға берілетін болады. Қайтыс болған жасөспірімнің заңды өкілдері тергеу барысы туралы хабардар етілуде», - деді Алматы облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров.
Abai.kz
3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1704
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4462
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3454