Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 826 1 пікір 17 Қазан, 2024 сағат 13:18

Қазақфильм: Шығыны -14,6 млрд. Пайдасы - 695 млн...

Фото: Kazinform

«Қазақфильм» ұлттық киностудиясы түсірген фильмдер өз бюджетін ақтамайды. Компания бүгінде 95% шығынға батып отыр. Құйылған қаржының қайтарымы 5 пайызға да жетпейді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының тілшісі хабарлады.

Мәселе жоғары аудиторлық палатаның тексерісі барысында анықталды. Коммерциялық тұрғыдан сәтті жобалардың жоқтығы, кассаның аздығы және фильм өндірісінің шектен тыс шығыны үшін студия талай жыл сынға ұшырап келеді. Аты аңызға айналған еліміздің басты киностудиясы қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тек бұрынғы табыстың орнын қарыз бен шешілмей келе жатқан түйткілдер басқан.

«Фильмдердің 90%-ын жеке продакшндар мен компаниялар түсіреді. Неліктен қазір мұндай кассалық тапшылық пайда болды. Бұл киностудияның бюджетке қарап қалғанының нәтижесі. Яғни, бюджет бар болса жұмыс істейді. Бюджет жоқ кезде жұмыс істемейді. Бұл киностудияға қатты әсер етеді, өйткені киностудия кезінде жылына 40 фильмге дейін түсірген», — деді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ақ президентінің м.а Айдар Омаров.

«Қазақфильм» қолдау көрсеткен 17 картинаға жалпы 14,6 млрд теңге бөлінді. Одан 695 млн теңге көлемінде қаржы түсті. Осылайша орташа экономикалық табыс — 4,8% деңгейінде қалып отыр.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша берешек сомасы 650 млн теңгені құрады. Ал, 2022 жылдың қорытындысы бойынша компанияның шығыны 2021 жылмен салыстырғанда 4,7 есе өсті. Шығын көлемі 800 млрд теңгеден асты. Бұл жерде басқару менеджменті қалай жүзеге асырылуда деген сұрақ туындайды», — дейді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5183